Алматыда өткен тәулікте екі жүргінші қаза тапты

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 13 қарашада 16 сағат 57 минутта қаланың Әуезов ауданында "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі 4 жүргіншіні қағып кетті. Әйел мен екі бала түрлі жарақаттармен қаладағы ауруханаларға жатқызылды. Тағы бір 38 жастағы әйел жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болды.

Сонымен бірге, 09 сағат 30 минутта Алмалы ауданында "БМВ" көлігінің жүргізушісі 33 жастағы ер адамды қағып кетті, ол жарақат салдарынан ауруханада көз жұмды.