Туындыға би өнерінің алғашқы мұрағаттары, елімізде кәсіби негізде оның негізін қалағандар, куәгерлер, өнердің бұл түрінің қалыптасуы мен даму сатылары арқау болған. Оның авторы - «Тұран» университеті кино және телевидения факультетінің үшінші курс студенті Данияр Мусин. Болашақ режиссердің өзінің алғашқы шығармашылық жұмысын ҚР Тұңғыш Пhезиденті қорының гранты арқылы жүзеге асырып отыр. 12 жасынан бастап фотограф, кейіннен кинооператор ретінде өнер фестивальдеріне ұдайы атсалысып, жаңа би өнерінің қыр-сырын жетік меңгерген Даниярдың бұл туындысын заманауи би өнерінің тарихы жайлы терең де мазмұнды шығарма деуге болады.