Митингке көптеген құрылыс компанияларының үлескерлері қатысты. Олар өздерінің меншігін алу бойынша шығарылған әкімдіктің заңсыз қаулыларына қарсы. Сондай-ақ, митингке үйлері мен жерлерін заңдастыруға рұқсат етілмеген қала маңындағы ықшамаудандардың тұрғындары да келіп қатысты.
Митингке қатысушылар қолдарында билік өкілдеріне арнап жазылған: "Бізді үйсіз қалдырмаңдар!", "Әркім өз шаңырағына құқылы", "Әкімдік! Бізді сіздердің арқаларыңызда алдады", "Алматыинвестстрой" ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржы полициясы мен прокуратура жасырып отыр", "Шегінерге жер жоқ! Артымызда жанұя", "Үлескерлер тағдыры - ел тағдыры" плакаттарын ұстап тұрды.
Құқық қорғаушы Сергей Уткин: "Бүкіл үміт қаржы полициясында. Олар үлескерлер қаражаты қайда жұмсалғанын таба алады", - деп есептейді. "Бұл үшін құрылыс компанияларының құрылтайшылары мен менеджерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғау керек. Сосын қаржы полициясы үлескерлер қаражаты қайда кеткенін анықтауы тиіс. Серіктес компаниялар, олардың туысқандары мен таныстарының қатысы болуы ғажап емес. Және солардың бәріне қатысты қылмыстық іс қозғалуы шарт. Осы күдіктілердің бәрінің мүліктеріне тыйым салу қажет", - деді С. Уткин.
"Осы күдіктілердің қатарында "Алматыжер" мен әкімдік шенеуніктері болуға тиіс", - дейді құқық қорғаушы.
Митинг соңында 19 пункті бар резолюция қабылданды. Атап айтқанда, шеруге шыққандар ҚР азаматтарының жеке меншік құқының сақталуын, мүлікті күшпен тартып алу және азаматтарды үйден шығару бойынша сырттай шешімдер шығару тәжірибесінен бас тартуды талап етті.
Митингке қатысушылар қалалық мәслихат сессиясында Алматы қаласының бас жоспарындағы жергілікті және республикалық бюджеттерден қаржыландырылатын құрылыс нысандарының тізімін талқылап, кейін бекіту қажет деп есептейді. Олар сонымен қатар, баламалы үй ұсынбай тұрып, азаматтарды үйлерінен күшпен қуып шығуға тыйым салуды талап етеді.
Қалалықтар аула аумақтарын басып алып, жасыл желектерді жойып салынып жатқан құрылыс нысандарын бұзуды; Алматы қаласының бас жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге қоғамдық бақылау орнатуды және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін қала құрылысына қатысты жобаларға қатысуын талап етеді.
Сондай-ақ, резолюцияда жергілікті атқару органдарының коммерциялық құрылыстарға қатысты "мемлекеттік қажеттілік" терминін пайдалануды тоқтату талабы бар.
Митингке қатысушылар Алматы қаласының бұрынғы әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың құрылыс компанияларының коммерциялық мүдделерінің пайдасына бола азаматтар меншігін күшпен тартып алу бойынша шығарылған қаулыларының күшін жоюды және "Алматыжер" қызметінің ҚР заңнамасына сәйкестігіне кешенді түрде тергеу жүргізуді талап етті.
Сондай-ақ, олар қызметтері құқық бұзушылыққа алып келген және үлескерлерге шығын келтірген құрылыс компанияларының басшылықтары мен шенеуніктерге тергеу жүргізу қажеттігін көрсетіп отыр. Митингке шыққандар заңдастыруға жаппай заңсыз тыйым салынған "Шаңырақ" - 1, 2, 5, "Красный трудовик", "Қарасу", "Айгерім", "Ұлжан", "Өжет", "Бақай" және т.б. ықшамаудандардың тұрғындарына заңдық құқық беретін құжаттарды беру бойынша қоғам өкілдерінің қатысуымен комиссия ұйымдастыруды талап етті.
Резолюцияда Жоғарғы сотта әділетті объективтік тергеу жүргізу және Арон Атабек бастаған "Шаңырақтың" 4 қорғаушысының босату талабы да көрсетілген.
Митингке шыққандар "Бейбіт шеру өткізу тәртібі туралы" заңды ЕҚЫҰ стандарттарына сәйкес түзетулер енгізуді талап етеді. Резолюция соңында Алматы тұрғындары Алматы қаласының жаңа әкімі Ахметжан Есімовке резолюцияға енгізілген және оның құзыретіне кіретін талаптарды 100 күннің ішінде қарастыруды ұсынады, деп көрсетілген пункт бар.