"30 мамырда Алматыда ІІД жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті алаяқтық дерегіне қатысты қылмыстық жауапқа тартпау үшін өзінің кабинетінде $500 мөлшерінде пара алған кезде АІІД тергеушісін қолға түсірді", - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, баспасөз қызметі хабарлағанындай, "28 мамырда Петропавловск қаласында ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері, көлікті жылдамдықтан асырып жүргізгендігіне қатысты әкімшілік материалды толтырмау үшін жол полициясының инспекторына 5 мың теңге мөлшерінде пара бергені үшін жеке кәсіпкерді құрықтады".