Алматыда пара алғандығы үшін округтік әскери-дәрігерлік комиссия төрағасы ұсталды

Алматыда пара алды деген күдікпен округтік әскери-дәрігерлік комиссия төрағасы және пара берген құқық қорғау органдары қызметінен үміткер ұсталды, деп хабарлады қаржы полициясының қалалық департаментінің баспасөз қызметінен.


           Дүйсенбіде таралған ақпаратқа қарағанда, 16-тамыз күні шұғыл іздестіру шараларын жүргізу барысында аталмыш департаменттің сыбайластық істерді ашу жөніндегі басқарма қызметкерлері пара беру және алу фактілері бойынша округтік әскери-дәрігерлік комиссия төрағасы мен құқық қорғау органдары қызметінен үміткерді ұстады,1 мың доллар ақша дәрігерлік комиссиядан жылдамырақ өтуге ықпал ету үшін берілген.
           "Биыл 22-тамыз күні сыбайластық қылмыс жасаған аталған тұлғаларға қатысты департаменттің тергеу басқармасы айып тақты, қылмыстық істер прокуратураға өткізілді", делінген онда.