Алматыда пәтер бағалары бір аптада 1,57 пайызға көтеріліп кетті

Қымбат және арзан пәтер бағалары арасындағы алшақтық азаю үстінде. Ең қымбат Медеу ауданындағы пәтердің бір шаршы метрі ең арзан Түріксіб ауданындағы пәтердің шаршы метрінен 1,8 есе жоғары. Қымбат тұрғын үйлердің бағалары арзын үйлерге қарағанда баяу көтерілген. Қаладағы пәтердің орташа бағамдарына үлесті Түріксіб ауданындағы пәтер құндарының күрт өсуі қосып отыр. Медеу ауданындағы пәтердің орташа бағамы- 3318,47 доллар, ал Түріксіб ауданында 1838,87 доллар.

Ең қымбат және ең арзан пәтер арасындағы айырмашылық өсе түскен. Бұл индекс осы аптада 2,49 /249 пайыз/ құрады.

Алматыда пәтердің құны оның ауданына және бөлемелердің санына байланысты.

Бағалар осы қарқынмен өсе беретін болса, 2007 жылдың қаңтарына қарай бір шаршы метрге 2500 доллар сұрайтын болады.

Салыстыру үшін: www.irn.ru аналитикалық орталықтың мәліметтері бойынша, Мәскеуде Тұрғын үйдің орташа бағасы 0,2 пайыз ғана қосылып, шаршы метріне 4199 долларды құраған. Бұл бағалар негізі қымбат пәтерлердің құнына қарай негізделген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті