Алматыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Олар Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тумалары болып шықты. Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлағанындай, жігіттер пәтерлерге терезе арқылы кіріп, үлкен заттарға тиіспей ақша, асыл бұйымдарды ұрлап отырған. Олардың жасы 21-28 аралығында.

Қазіргі таңда күдіктілердің 30 қылмысқа қатысы бары анықталды. «Ұсталғандар өз кінәларын мойындап отыр. ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тенгеу жұмыстары басталды», - деді ІІД басқарма басшысы Жанболат Зиядин.