Алматыда пәтердегі өрт салдарынан бір адам қаза тапты

Оқыс оқиға 26-желтоқсанда 20 сағат 03 минутта Медеу ауданында Қалдаяқов көшесінде болған. Пәтерде 4 шаршы метр аумақта өрт шыққан.

Өртті сөндірген кезде 72 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Өрттен сондай-ақ өрт сөндіру бөлімінің қарауылдарының басшысы зардап шегіп, №4 қалалық аурухананың жарақат бөліміне жатқызылды.

Өрт сол күні 20 сағат 39 минутта сөндірілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті