Алматыда пәтерге несие рәсімдеуге қатысты алаяқтық анықталды

Мекеме ақпаратына сәйкес, 7 қарашада Алмалы аудандық ішкі істер бсқармасына бір топ азаматтан алаяқтыққа қатысты арыз түседі. Соның негізінде жедел іске кіріскен полиция қызметкерлері 55 және 42 жастағы екі азаматшаны ұстады. Олар қаладағы жылжымайтын мүлік агенттіктерінің бірінде қызмет істей жүріп, азаматтардың ешбір қиындықсыз несие рәсімдеуіне көмектесуге уәде берген. Қолға түскендердің айтуынша, жеңілдікпен пәтерге несиелерді рәсімдеу үшін банктегі таныстарын қолдана отырып әрекет еткен. Ал өздерінің делдалдық қызметтеріне әртүрлі көлемде сыйақы алып отырған және оның орташа мөлшері 15 мың теңгені құраған.

Қазірде осы іс бойынша ондаған адамнан арыз түсті, ал азаматтарға келтірілген шығынның жалпы көлемі 1 миллион теңгеден асып отыр.

Алматы қаласының Алмалы аудандық ІІБ тергеушілері осы істің мән-жайын одан әрі тексеруде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті