Алматыда пәтерге тіркелетін тұрғындар саны шектелуі мүмкін

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, тұрғын үйдің әрбір 15 шаршы метріне бір адамнан артық тіркеуге болмайды. Мысалы, ауданы 75 шаршы метр болатын пәтерде бес адамнан артық тұра алмайды.

"Алайда бұл шектеу жақын туыстарға қолданылмайды", – делінген "КТК" телеарнасының репортажында.