Алматыда ПИК басқармалары қаржылық шығындары бойынша тұрғындар алдында жан-жақты есеп бермейді - әкімдік

С. Құсайыновтың атап өткеніндей, ПИК-тердің қанағаттанарлықсыз жұмыс істеуінің бір факторы - олардың төрағаларының жұмысының ашық емес екендігі болмақ.

"ПИК басқармалары қаржылық шығындары бойынша тұрғындар алдында жан-жақты есеп бермейді, ревизиялық комиссиялардың жұмысы да тиімсіз. Ағымдағы жылы ПИК-тердің 17 басшысы 2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тұрғындар алдында есеп берген жоқ", - деді С. Құсайынов.

Атап айтсақ, Алмалы ауданында "Жанар", "Болашақ", "Одақ", "Шанс", Әуэзов ауданында "Бояулы", Бостандық ауданында "Қазақфильм", Жетісу ауданында "Семиречье", "Қуаныш", Медеу ауданында "Аян", "Барс" ПИК-тері.

"Заңнамада ПИК төрағасы мен басқармаларының тұрғын үйдің техникалық ахуалы мен инженерлік желілердің жағдайын қамтамасыз етпегені үшін тікелей жауапкершілік жүктеу мүмкіндігі қарастырылмағаны, сондай-ақ, ақша-қаражаттың жұмсалуына тиісті бақылаудың жоқтығы өзінің қызметтік міндеттеріне жауапсыз қарауға алып келуде. Көп жағдайда сайланған ПИК төоағаларының тиісті білім деңгейі мен машығы жоқ болып шығады, өзінің қызмет бабын асыра пайдаланып, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салады", - деді басқарма бастығы.

Алматы қаласының прокуроры Жақсылық Байтұқбаевтің айтуына қарағанда, қылмыстық қудалау органдарының өндірісінде ПИК басшылығына қатысты 7 материал бар.

"ПИК басқармаларының қаржылық шығындар бойынша тұрғындар алдындағы жауапкершілігін және ПИК іс-қызметіне атқарушы билік тарапынан қойылатын бақылауды заңмен бекіту қажет", - деді С. Құсайынов.

Алматы қаласының мәслихатына Қазақстан Республикасының үкіметіне ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңдарды толықтыру жөнінде ұсыныстар дайындау мақсатында, орындаушы органдар тарапынан ПИК қызметтерін бақылау механизмдерін тағайындау үшін ПИК-ін тексеру комиссияларының жұмысын тексеру тапсырылды.

Ахметжан Есімов қаланың ІІД-іне абаттандырылған аулалардың мүлкін сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Қаланың ІІД Жол полициясы басқармасына газондарда автокөліктерін қаңтарған және аулалардың абаттану ережелерін бұзған жүргізушілердің жауапкершілігін қатаңдатуды тапсырды.

Әкім Энергетика мен коммуналдық шаруашылық басқармасына ПИК төрағаларын аттестациядан өткізу ережелерін дайындауды, Санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасына жертөлелер мен аулалардың санитарлық ахуалын бақылауды, коммуналды қызмет көрсетушілерге, пик төрағаларына, кондоминиум басшыларына тұрғындардың дебиторлық арыздарын төлету шараларын арттыруларын, сонымен қатар нұсқамаларда көрсетілген коммуналды қызмет көрсетушілерге уақтылы және сапалы дайындауды және тұрғын үй қорын жөндеу туралы арнаулы мекемелермен келісім-шарттарға отыруларын тапсырды.

"Қаланың коммуналды тұрғын-үй саласында жинақталған мәселелерді шешу жүйелі түрде қарастыруды талап етеді. Аудан әкімдеріне, мемлекеттік органдар басшыларына, коммуналды қызмет көрсететін мекемелерге, ПИК төрағаларына осы жерде айтылған барлық ұсыныстарды қарастыру және айтылған ескертулердің себептерін жою мақсатындағы іс-шаралардың барлығын уақытында бітірулері керек. Бүгін қозғалған мәселелер кешікпей орындалуы қажет", - деді Ахметжан Есімов.