Алматыда полицейлер бөлімшеге әкеле жатқан күдікті қашып кетті

“Бостандық ауданы ІІБ жанындағы полиция бөлімшесіне әкеле жатқан кезде, бірнеше мәрте ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған, 1984 жылы туған азамат Баймұханбетов Шәріпов көшесі бойындағы Алмалы аудандық соты төңірегінде полицейлерден қашып кетті”, — деді полиция.


Оқиға 26 шілде күні болған.

Полиция атап өткендей, қазір іздеу шаралары жүргізіліп, қосымша қызметтік тексеру тағайындалған.