Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жедел қызметкерлер Алматы облысының 40 жасар тұрғынын құрықтаған, оның сөмкесінен гашиш салынған дорба табылған. "Еркек есірткінің жартысын полиэтиленді дорбаларға орап үлгерген",- деп түсіндірді полицейлер.
Баспасөз қызметінен хабарлағандай, ұсталған азамат өзінің қылмысқа қатысы бар екендігін мойындамай отыр. "Оның айтуынша, сөмкені жұмыс беруші алып келіп, сақтай тұруға қалдырған, еркек оның ішінде не бар екендігінен бейхабар-мыс",- деп атап өтті полицейлер. Олар "осыған байланысты басқаша пікірде" екендіктерін айтты. Полицейлердің айтуынша, бұрындары бұл азамат ұрлық істеп, заңсыз есірткі сақтағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылып, жазасын өтеген. "Бостандыққа шығысымен ол Алматыға келіп жеке үйге құрылысшы болып орналасқан",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Ұсталған азаматтың үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша (ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтау және сату) қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті