Алматыда полицейлер қару-жарақ саудасын қыздырып жатыр

Қаруын сатуға келгендер біртіндеп емес, бірнеше тапаншадан әкелуде. Өйткені тәртіп сақшылары травматтарды қымбатқа сатып алып жатыр екен. Қолдағы заңсыз қарудан ертерек құтылғысы келсе керек, полицейлер тұрғындардан 113 миллион теңгеге тапанша сатып алыпты. Жұрт «Оса», «Стражник», “Вальтер» дейсіз бе, тіпті «Макаров» тапашасын да тасып жатыр. Табан астынан дүкенге айналған ішкі істер департаменті жылдың соңына дейін тапанша иелеріне тиіспей, оны өз еркімен сатуға мүмкіндік береді. Ал одан кейін қаруын тапсырмағандардың ізіне түспек.

Жасұлан Байкенов, Алматы қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

-Егер ол травматты қаруларды тапсырмаған азаматтарға 2 мың айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады, не болмаса бір жылдан бас бостандығынан айырылатындарын ескерте өтеміз.

Loading...