Алматыда полицейлер студенттердің жатақханаларына орналастырылады

"Әуезов ауданында кәмелет жасына толмағандар 28 қылмыс жасаған. Олардың алтауы жергілікті тұрғындар, ал қалғандары басқа қалалардан келгендер. Қазір ювеналды полиция өкілдеріне қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысты тапсырма берілді. Басқа қалалардан келген студенттермен мұндай жұмыстар жүргізілмейді. Сондықтан оқу орнының басшылығымен, білім беру басқармасындағылармен ақылдаса отырып баспанаға мұқтаж полиция қызметкерлерін жатақханаларға орналастыру туралы шешімге келдік. Форма киіп жүрген адам онда қылмыстық құқық бұзушылықпен күресу үшін алдын ала жұмыстар өткізіп қана емес, сол жерде жүріп-ақ тәртіпті орната алады. Аграрлық университеттегі жағдай қайталанбас үшін. Бұл ұсынысты толықтай қолдады", - деді Әуезов ауданының прокуроры Азамат Әлібеков.

Оның айтуынша, келесі аптада құқық қорғау органдарының баспанаға мұқтаж қызметкерлерінің тізімі жасалады. Ал содан кейін полицейлерді орналастырамыз. Айта кетейік, Әуезов ауданында жоғары және орта оқу орындарының 11 жатақханасы бар. Онда қазіргі уақытта 2500 студент оқып жатыр.