Олардың ақпараттарына сүйенсек, Ә. Шәріповты жұмада Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің Арнаулы шұғыл әрекет ету отрядының сарбаздары ұстап әкеткен. Қазіргі уақытта оның қайда екендігі беймәлім.
Сонымен қатар, жұмадан бері Руслан Жемковтан еш хабар жоқ. Ол туған-туыстарымен де, әріптестерімен де байланысқа шықпай отыр.
Бүгін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ақпарат және бұқарамен байланыс орталығының бастығы Бағдат Қожахметов Астанадағы брифингтің аяқталуына орай журналистердің қойған сұрақтарына жауап бере отырып: "құрықтау (Шәріповты) дерегі жөнінде менің еш хабарым жоқ",- деді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті