Полицияның ақпараты бойынша олардың бірі Алматыда уақытша тұрып жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, сотталмаған, жұмыссыз ер адам "алданған адамдардан ақша алған адамның ролін орындаған ". Екінші күдікті Алматының 21 жасар тұрғыны.
"Алаяқтар істі алдын ала ойластырған жоспар бойынша жүзеге асырды. Топ мүшелерінің бірі қалалық телефон жүйелеріндегі телефондарға қоңырау соғу арқылы өздерінің "құрбандарын" іздестірген. Ал қоңырау шалған адамға олар Алматы ІІД қызметкерімін деп өзін таныстырып, полиция органдары оның жақын бір туысының ұстағаны жөнінде ақпарат берін, ұялы телефон номерін беріп отырған. "ұсталған" туыстарының үйде болмағанынан адамдар аляқтарға сеніп қалып отырған ", - деп хабарлады Алматы ІІД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Амантай Әубәкіров.
Оның сөздері бойынша, "алаяқтар" психологиялық өңдеуден өткен адамға оның туысына қатысты істі белгілі бір көлемде ақшаға($2 мың- $5мыңға дейін) шешуге болады деп айтып отырған. Ақшаны белгіленген уақытта белгілі бір орынға әкелу керек . Сол кезде екінші алаяқ барлық талаптардың орындалғанына көзі жетіп, екіншісіне арнайы белгімен хабарласып, ол адамдарға ақшаны қай жерде қалдыру керектігін айтып отырған. Зардап шеккендер кеткеннен соң алаяқтар ақшаны алып отырған.
А. Әубәкіровтың сөздері бойынша, бүгінде қылмыстық істердің бірнеше дерегі тіркеліп " осындай қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топтарды анықтаудың шұғыл тергеу шаралары жүргізілуде".
Азаматтардан ақша талап етіп, қоңырау шалған топ жетекшісі де анықталды. Ол бұрын сотталған Алматы тұрғыны болып шықты. Қазір ол түзеу колониясында жазасын өтеп жатыр.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, топ жетекшісіне колонияға жіберілген азық түлік салынған сауқат ішінен есірткі заты табылып, тәркіленді.
Алаяқтық істерге қатысы бар деген күдікпен қолға түсірілген азаматтарға қатысты Алматы қаласының ІІД тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодекстің 177 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды.