Алматыда "Power Kazakhstan 2004" халықаралық энергетикалық форумы мен көрмесі биыл үшінші мәрте өткізіледі

Көрмеде гидро-, жылу-, электр қуаты; атом энергетикасы; дәстүрден тыс және кіші энергетика; өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық энергетика; энергетикалық технологиялар мен жабдықтар; электр машиналар, құрал-жабдықтар; радиациялық және экологиялық қауіпсіздік, дербес қорғаныс құралдары, энергетика саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалар тәрізді бөлімдер жұмыс істейді.

Көрме мен конференцияға Германия, Қазақстан, Польша, Ресей, АҚШ және Украинадан 40-тан астам компания қатысады.
"Power Kazakhstan 2004" тақырыбы бойынша бас қосу сессиялық мәжілістер түрінде өткізіледі. Бас қосуда "ТМД елдері арасындағы энергетикалық кешен саласындағы ықпалдастық", "21-ғасырдағы энергетика үнемдеу" , "Электр қуатының бәсекелі бөлшек саудасы. Трейдерлер" т.б. тақырыптар талқыланады.