Бұл – Алматағы ауруханасында бауырға жасалған трансплантация. Әдетте дәрігерлер мұндай отаны сырт елдің мамандарының қатысумен жасайтын. Бұл жолғыға өздері білек сыбана кірісіпті. Сөйтіп, 40 жастағы Назгүл Жармұхамедованы ажалдан арашалап қалып отыр.
Назгүл Жармұхамедова, науқас:
- Алланың құдіреті деп есептеймін. Одан кейін осы жердегі мықты мамандарға . алғысым шексіз. Донорымның туған туыстарына да.
Назгүлге осы ауруханада ми сырқатынан қаза тапқан 23 жастағы жігіттің бауырын салыпты. Оған марқұмның анасы келісімін берген. Тек бауырын емес, баласының жүрегі мен қос бүйрегін де донорлыққа ұсынған. Соның арқасында диалезге тәуелді Қалмұқамбет те дертінен айығып отыр.
Қалмұқамбет Түбірқұлов, науқас:
- Қаңтардың 6-сында дәрігерім шақырды. Донор бар, операция жасаймыз деп. Жағдайым жақсы. Екі бүйрегім де жұмыс істемейтін.
Енді марқұм жігіттен алынған жүректі Астанадағы бір науқас күтіп жатыр екен. Жаңа ағза жетісімен оған да бірден трансплантация жасалмақ. Хирургтер жалпы бір донордан бірден 4 ағзаның алынуы өте сирек дейді.
Болатбек Баймаханов, Алматы қаласаның бас трансплантологы:
-Көп елдерде азаматтар жүргізу куәлігін алып жатқан кезде өзі рұқсатын жазып кетеді. Ол компьютердің ішінде тұрады. Қайтыс болған жағдайда кәулігінде белгі бар. Туысқандарын іздеп жатпайды. Мәселені берден шеше береді. Қазір ол мәселе бізде де талқыланып жатыр.Бұл өте дұрыс.
Тек бұл тұста донорлыққа көп жағдайда адамдардың діни наным-сенімі кедергі. Әсіресе, мұсылмандар арасында. Бірақ имамдар оған Исламда тыйым жоқ деп отыр.
Мұхамеджан Абдулмәжитов, имам:
-Шариғатымызда, Ислам дінінде трансплантацияға, мүше ауыстыруға рұқсат етілген. Алла тағала қаситетті Құран кәрімде айтады: Егер кімде кім бір адамның өмірін сақтап қалса, ол бүкіл адамзаттың өмірін сақтағанмен тең» дейді.
Есепке жүгінсек, соңғы 3 жылдың ішінде елде 222 трансплантация жүргізіліпті. Оның тек 7-уі жүрекке, 25-і бауырға жасалған. Әзірге ең өзектісі соңғы аталған ағза мүшесінде тұр. Өйткені бауыр жедел ауыстырылмаса, науқастың өмірі бір жыл ішінде-ақ қиылуы мүмкін.
Loading...