Алматыда қалалық нотариустардың кеңесі өтті

Кеңес "ҚР Нотариус туралы" заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды нотариустар назарына жеткізіп түсіндіруге арналады. Әділет басқармасы өкілдерінің айтуынша, кеңес қаладағы нотариустар жұмысын жақсартуға әрі жеңілдетуге септігін тигізбек.

Қазіргі таңда Алматыда 300-ден астам нотариустар жұмыс істейді.