Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Веселые нотки" аулалық клубына қатысушы балалар Есентай өзеніндегі халық жаппай демалатын жерлерде "Балалар- туған қаланың тазалығы үшін" атты науқан өткізуге ұйғарған. "Мұндай акцияны өткізуге балалардың табиғат аясында демалу жөніндегі шешімі түрткі болған. Алайда, алдағы демалыс орнын алдын-ала зерттеген балалар алдымен ол жерді қоқыс-қалдықтардан тазартуға ұйғарды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.