Алматыда қаңтар айында қатты аяз болмайды

"Ауаның орташа температурасы 4,5 градус аяз болады. Бұл Цельсий көрсеткішінен 1 градусқа жоғары(норма - 5,5 градуысьсуық)", - деп хабарлайды ҚазГидромет орталығының директоры Светлана Аманқұлова.

Синоптиктердің болжамдары бойынша, Алматыда қаңтардың бірінші он күндігінде "түнде ауа температурасы 4 - 9 градустан 15 - 20 аязға дейін күшейіп отырса, күндіз 0 - 5 тен 7 - 12 градус аралығында болады".

Қаңтардың екінші он күндігінде "түнде ауа температурасы 13 - 18 аязды көрсетсе, күндіз 4 - 9 градусқа төмендейді. Сондай-ақ екінші он күндікте күн жылынып, түнде ауа 4 - 9 градусты көрсетіп, күндіз 2 градустан төмен болады". Ауа райын болжау орталығының мамандары атап кеткеніндей, осындай жылы температура, қаңтардың үшінші он күндігінде орнығады.

Синоптиктер топшылағанындай, "қаңтарда жауатын қар көлемі нормадан жоғары болады (норма - 32 мм). Қалың қар бірінші, екінші онкүндіктің аяғында және үшінші онкүндіктің ортасы мен аяғында жауады, деп болжануда.

Мамандардың хабарлауынша,тұман "қаңтарда жиі болады. Көк тайғақ айдың ортасы мен аяғында болуы ықтимал".

Сонымен қатар, "бірінші және үшінші он күндіктердің соңында батыс жақтан секундына 5-10 метр жерге соғатын қатты жел легі келеді деп күтілуде".