Алматыда Республика алаңында қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған "Тағызым" мемориал ашылды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы
Ашылу салтанатына Мемлект басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
«Қираған дүниені қалпына келтіруге болады. Бірақ үзілген өмір қайта жалғанбайды. Мұндай оқиға ешқашан қайталанбауы үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасап отырмыз. Еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғау – бәріміздің перзенттік парызымыз.
Бұл мақсат – Президент ретінде мен үшін ең қасиетті борыш», деді Президент
Еске салсақ, Қаралы қаңтар оқиғасының орын алғанына бір жылға жуықтады.