Алматыда қаңтарда айлық орташа температура нормадан жоғары болады - Қазгидромет

"Айлық орташа температура 4,4 градус суықты көрсетеді. Бұл Цельсий өлшемімен нормадан бір градус жоғары",- деді агенттікке берген сұхбатында "Қазгидромет" РМК-ның күн райым бақылаушысы Светлана Аманқұлова.

Күн райын бақылаушылардың хабарлауынша, қаңтардың алғашқы онкүндігінде

сынап бағанасы түнде 6 - 11-ден 11 - 16-ға дейін суықты, ал күндіз 3 - 8-ден 8 - 13 градусқа дейін суықты көрсетеді. Онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасы түнде 3 - 8, күндіз 3 градус суықтан 2 градусқа дейін жылыны көрсетеді.

Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 3 - 8-ден 12 - 17 градусқа дейін суық, күндіз 3 градус суықтан 2 градусқа дейін жылыдан 5 - 10 градусқа дейін суық болады.

Светлана Аманқұлованың айтуынша, үшінші онкүндікте түнде 3-8 градус суық, күндіз 3 градус суықтан 2 градусқа дейін жылы болады. Осыдан кейін сынап бағанасы түнде 13-18 градус аязды, ал күндіз 7-12 градусты көрсетеді.

Қаңтарда ылғал нормадан көп түседі. "Қар түріндегі ылғал айдың алғашқы жартысы мен айдың аяғында түседі",- деді С.Аманқұлова. Ай бойы қалаға жиі тұман түсетін болады. Ал қаңтардың бірінші онкүндігі мен үшінші онкүндігінің ортасында жолдарда көктайғақ болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті