Алматыда Қарағандыдан келгендерден "Макаров" тапаншасы тәркіленді


деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Теңертең "Буран-017" патрульді экипаж Сейфуллин даңғылы мен Мәметова көшелерінің қиылысында "Рендж Роверді" тоқтатқан.
"Олардың жүргізуші мен жолаушыдан күдіктенгендері, екеуі полицияның заңды талаптарын орындағылары келмеген. Жолаушының барсеткасынан оққа толы "Макаров" тапаншасы табылды”, делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта жүргізуші мен жолаушы ұсталған, екеуі де Қарағанды облысының тұрғындары, тапанша тәркіленіп, сот-баллистикалық сараптамаға жөнелтілген.