Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиырма мың теңге тұратын ұялы телефон 4 жас жігіттің көз құртына айналған. "Тапа тал түсте басбұзарлар жас жігітке шабуыл жасап, "ИХ-671" пневматикалық пистолетімен қорқытып, барлық бағалы заттарын алып тайып отырған". Жәбірленуші барлық жігіттердің түрлерін есінде жақсы сақтаған және олар бірнеше минут өткеннен кейін олар аудандық ішкі істер басқармасында сұрақтарға жауап берген. Төртеуі де Алматыға Оңтүстік Қазақстан облысынан ақша табу үшін келген.
Ұялы телефон түріндегі айғақ зат тәркіленіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабы (қарақщылық шабуыл) бойынша қозғалған қылмыстық іске тіркелген. Жігіттер уақытша тергеу изоляторына қамалды.