Алматыда қарды 2300 адам тазалап жатыр


Алматыда қар сағат таңғы 04.00-ден бері тазаланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, жауған қардың биіктігі сағат 08.00-де 10 сантиметрге, ал таулы аймақтарда 15 сантиметрге дейін жеткен
"07.00-де қарды тазалауға арналған арнайы техника жұмылдырылды. 604 арнайы техника қолданылып жатыр. Жұмысшылардың саны - 2 322 адам", - деп хабарлады Алматы әкімдігіндегілер. Сондай-ақ, әкімдік өкілдері "Қазгидромет" мамандарына сілтеме жасай отырып, қардың 28 желтоқсанға дейін тоқтаусыз жаууы мүмкін екенін айтады.