Алматыда "Қару" операциясы басталды

Операцияның мақсаты- азаматтардың жаны мен денсаулығына қатер төндіретін қылмыстар туралы қала тұрғындарынан келіп түскен хабарламаларды дер кезінде елеп-ескеру болып табылады.

"Қару" операциясы аясында мылтық және газды қару иелерінің үйі, автотұрақтары мен саяжайларын тексеру , сондай-ақ, автокөлікпен тасымалданатын транзитті жүктерді тексеру көзделіп отыр.
"Қару" операциясы өткізілуіне байланысты Алматы қалалық ІІББ азаматтардан заңсыз сақтап отырған қару-жарақ, суық қару мен оқ-дәрі, жарылғыш заттарды өз еркімен келіп тапсыруды сұрайды.
Заңсыз қару-жарақтарын өз ықтиярымен келіп тапсырған азаматтарға қылмыстық және әкімшілік жаза қолданылмайды.