Алматыда қауіпті қылмыскер жасырынып жүр

Алматы ішкі істер департаменті ауыр қылмыс жасаған 34 жастағы ер адамды іздестіруде, деп хабарлайды Sputnik.

"Азамат З.В. Палтуев, 1983 жылы туған, бойы 180 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, қысқа", — деп полиция іздеудегі азаматтың сырт келбетін сипаттады.


Күдікті қара түсті күрте, ашық түсті ала жемпір, қою түсті джинсы, қара түсті аяқ киім киген.

Палтуевты көрген-білгендер болса, келесі нөмірге хабарласуы керек: 254-49-01 және 8-705-555-01-82.