Қазанның 14-і мен 26-сы аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ересектер боксынан әлем чемпионаты өтеді.
Қазақстан Бокс федерациясы хабарлағандай, біріншілік тұңғыш рет АІВА-ның жаңа талаптары бойынша шлемсіз өткізіледі. Оған әлемнің 118 елінен келген 600-ге жуық боксшы қатыспақ.