Алматыда қазақ күресімен айналысатындар саны жыл сайын еселеп артуда

Оның айтуынша, қазақ күресі алматылықтар арасында танымал спорт түріне айналуда.

«Қазақстан барысы» өткен алғашқы жылы іріктеу жарысында бүкіл Алматы қаласы бойынша бары-жоғы 32 палуан өзара бақ сынасқан еді. Екінші жылы осындай іріктеу сайыстарына әр ауданның өзінен 12-16 палуаннан шықты. Ал биылғы жылға келетін болса, әрбір аудандық іріктеу сайыстарына 25-30 палуаннан қатысты. Қызығушылық өте жоғары», - деді Ермек Насиев.

Жалпы еліміз бойынша қазақ күресімен бүгінгі таңда 35 мыңнан астам адам айналысады екен.


Айта кетейік, бүгінгі турнирге аудандық жарыстарда топ жарған14 палуан қатысуда. Ал ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі бойынша қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық төртінші турнирінің ақтық кездесулері алдағы маусым айының 29 жұлдызында Астана қаласында өтеді.