Алматыда Қазақстан аудиторларының бірінші құрылтайы басталды

Құрылтайға парламент депутаттары, ғалымдар, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысуда.

Сондай-ақ, аудиторлар палаталарының 4-республикалық және аудиторлардың 7-ші есеп беру - сайлау жиыны да бүгін өтеді деп межеленген.
Бұл шаралар аудиттің тәуелсіздігі мен оның нарық экономикасындағы маңызын айқындайтын құқықтық тұғырнамасы - ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" заңын жүзеге асыру қадамдарының жалғасы болмақ.
Мәслихаттарда ҚР аудиторларын аттестациялау жөніндегі квалификациялық комиссияның , аудиторлар палаталары мен ҚР кәсіби есепшілері мен аудиторлары Институтынының есептері тыңдалады деп күтілуде. Сондай-ақ, ҚР аудиторлар палатасының президенті, палата кеңесі мен тесеру комиссиясы тағайындалады.
Республикадағы аудит қызметінің дамуына зор үлес қосқан палата мүшелері ҚР аудиторлар палатасының құрмет куәліктерімен марапатталмақ. Сонымен бірге, палатаның жаңа мүшелері аудиторлық қызметке адалдығы туралы ант береді .