Алматыда Қазақстан философтарының бірінші конгресі өтеді

Конгрестің ұйымдастырушысы - ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институты. Форум барысында өтетін негізгі шара: «Қазіргі замандағы философия: даму стратегиясы» деген тақырыптағы конференция. Жиын барысында тек маңызды теориялық мәселелер ғана емес, сонымен бірге, жоғары оқу орындарында философия мен философия пәндерін оқытудаға өзекті мәселелер, әлеуметтік-философиялық, мәдени, саяси және діни зерттеулердің практикалық тәжірибесі талқыланады.

Ұйымдастыру комитеті мүшелеренің атап өтуінше, форумда сонымен бірге, ғалымдардың жаңа қоғамдық ұйымы - Қазақстан философиялық Конгресі құрылады.


Форум қатысушылары мен қонақтарына «Қазақстан философиясындағы белгілі адамдар» атты анықтамалық таныстырылады. Тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, философияны оқытудың тәжірибесі мен ең соңғы заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижелері көпшілік назарына ұсынылады.