Алматыда «Қазақстан Камератасы» мемлекеттік оркестрінің концерті өтеді

Өнер ұжымы көрермендерге ғажайып концерттік бағдарлама ұсынбақ. Тұңғыш рет бір кеште А. Виницкийдің авторлық каденцияларымен Вольфганг Амадей Моцарттың барлық бес скрипкалық концерті орындалатын болады.

Концертте сондай-ақ, Давид Ойстрахтың шәкірті, әлемнің 50-ден астам елдерінде концерт қойып жүрген солист, Мәскеу консерваториясының профессоры, РФ халық әртісі Александр Виницкий скрипкада жеке орындауда өнер көрсетеді.

Александр Виницкий Еревандағы (1972 ж.) Бүкілодақтық конкурстың лауреаты, Мәскеудегі (1978 ж.) П.И. Чайковский атындағы Халықаралық конкурстың лауреаты, Верчеллидегі (Италия, 1984 ж.) Виотти атындағы Халықаралық конкурстың лауреаты болып табылады.