Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің Ү конгрессі өтуде

Осынау жыл сайынғы форум еліміздегі қаржы рыногының ағымдағы ахуалына баға беріп, проблемалар мен оны шешу жолдарын, сондай-ақ, даму перспективалаоры мен басымдықты айқындайды.

Конгреске халықаралық және отандық қаржылық даму институттарының өкілдері, салалық министрлік және мекеме жетекшілері, еліміздегі жетекші бизнес-құрылымдардың топ-менеджерлері қатысуда.
2004-жылдың 15-қарашасында Алматыда өткен ІҮ конгресте Н.Назарбаев еліміз қаржыгерлерінің алдына бірінші кезекте шешілуі тиіс 7 мақсат қойған. Атап айтсақ, қаржы рыногын дамыту, мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі ұлттық холдинг құру, экономиканың нақты саласын қаржыландыру үшін жаңа құралдарды қолданысқа енгізу тб.
Ал Ү конгресте Елбасы өткен уақыт ішінде тындырылған істерге баға беріп, жаңаша мақсаттарды айқындап береді деп күтілуде.