Алматыда Қазақстан Республикасы мен Қытай арасындағы шекаралық теміржолдардың аралас комиссияларының 12-кеңесі басталды

22-қыркүйекке дейін созылатын бұл кеңес барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай теміржолдарының транзиттік тасымал саласындағы жұмыс тиімділігі мен тасымалданатын жүк көлемін арттыруға бағытталған екі жақты ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде екі ел шекарасындағы Достық және Алашанькоу бекеттері арқылы жүк тасымалдау жұмысын ұйымдастыруды жақсарту мәселелері сарапқа салынады. Сондай-ақ, бұл кеңесте Достық станциясын 2004-2006-жылдарда дамыту бағдарламасы талқыланады деп жоспарланған.

Кеңеске Қазақстан мен Қытайдың кедендік, шекаралық және тазалық-індет мекемелерінің өкілдері қатысуда.
Кеңес қорытындысы бойынша, Достық бекеті арқылы өтетін жүк көлемін ұлғайтуға, жүктерді өңдеу ахуалын жақсартуға бағытталған бірқатар келісімдерге қол қойылмақшы.
Аралас комиссиялардың мұндай кеңестері 1991-жылы Достық-Алашанькоу теміржол өткелегі ашылғаннан бері жыл сайын өткізіліп келеді.