Алматыда Қазақстан Ұлттық банкі басшылығының өкілі наразылық акциясына шыққандармен келіссөздер жүргізуде

Оқиға болған орыннан "Интерфакс-Қазақстан" тілшісінің хабарлауынша,кездесу кезінде акцияға қатысушылар одан халықтың коммерциялық банктерден 2006-2007 жылдары алынған несиелерді кешіріп, теңгенің құнсыздануын форс-мажорлы жағдай ретінде мойындауды сұрады. Олар сондай-ақ тауарлар мен азық-түлік бағасының қымбаттағандығына арыздарын білдірді.

Наразылық акциясына шамамен 40 адам қатысып отыр, олар: "Ақшамыздан аулақ жүріңдер!" және "Келімбетов шықсын!" деп айқайлауда.


Ұлттық банк алдындағы тұрақты қара киім киген қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері қоршауға алған.

Онда жедел медициналық жәрдемнің екі көлігі тұр, прокурор да келген.