Алматыда қазақстандық қыздарды Кореяға секс-қызмет көрсетуге жібергендер ұсталды

Ведомство мәліметінше, Алматы халықаралық әуежайында 59 жастағы ер адам мен екі әйел ұсталған.

"Көлік полициясының қызметкерлері тексеріс кезінде ұсталғандардың заңсыз көші-қонмен айналысқанын, яғни, жас қыздарды Алматы әуежайы арқылы Қазақстаннан алып кетіп, Оңтүстік Кореяға секс қызмет көрсетуге жібермекші болған", - деп хабарлады көліктегі ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы бойынша ("Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.