Алматыда «Қазақстанға достардың көзімен қарағанда» атты фотокөрме өтеді

«Біздің үндеуімізге АҚШ, Германия, Франция, Швейцария, Ресей, Израиль, Венгря, Польша сынды мемлекеттердің азаматтары үн қатып, өздерінің Қазақстан туралы фотоматериалдарын салып жіберіпті», - дейді шараны ұйымдастырушылар.

Хабарда айтылғандай, көрменің салтанатты ашылу рәсімінде Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов, қоғам өкілдері, ҚХА этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, фотосурет авторлары, әр мемлекеттердің консулдықтарының өкілдері қатысады

«Кейбір фотосурет авторларына алғысхаттар тапсырылады», - делінген ақпараттық хабарда.