Тренинг шарасына ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстандағы өкілдігі, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы, ЮНИСЕФ, ЮНИФЕМ, ҚР президентінің әкімшілігі, Омбудсман институты, ҚР конституциялық кеңесі, сондай-ақ, еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.
Онда Қазақстан өз еркімен біріккен бірқатар құжаттардың, соның ішінде бала құқығы туралы конвенция, нәсілдік алалаушылықтың барлық түрін жою жөніндегі конвенция, Адамдарға қатысты зорлық-зомбылық, қинау шараларын қолданудың, адамның беделін түсіруге бағытталған әрекеттердің алдын алуға бағытталған конвенция, Әйелдерге қатысты барлық алалаушылық әрекеттерді жою жөніндегі, Босқындар мәртебесі жөніндегі құжаттардың кейбір нормаларының орындалуы туралы талқылау көзделіп отыр.
Тренинг шарасына Қазақстан тарапынан бекітілген конвенцияларға қатысты параллель баяндамалар жасау жөнінде және БҰҰ-ның тиісті комитеттеріне баламалы баяндамалар жасай білуде тәжірибе жинақтаған қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар қатысады. Тренинг шарасына Германия, Швейцария және Польшалық сарапшы-құқықтанушылар да шақырылған.