Алматыда «Қазақстанның өнер сахнасы. Ертеңге болжам" атты республикалық көрме ашылды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен «Шаршы» шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен ашылған көрмеге Алматы қаласының және Қазақстанның өзге де облыстарынан келген суретшілердің шығармалары және Кореяның жас суретшісі Лим Джон Октың жұмыстары, жалпы саны 50-ден астам автордың туындылары қойылған. Жұмыстардың көпшілігі түрлі жанрда, түрлі материалдар мен техникада орындалған. Суретші жұмыстарынан қазіргі заман суретшілерінің ізденістерін, бүгінгі күнгі өнердегі беталысты, жетістіктер мен проблемаларды, аймақтардың стильдік айырмашылықтарын көруге болады.

Бұл 2009 жылы құрылған «Шаршы» шығармашылық бірлестіктің үшінші көрмесі. Жобаның бірегейлігі, ұйымдастырылған көрмеге дәрежесіне, жас ерекшелігіне, шығармашылық құштарлығына қарамастан барлық суретшілерге қатысуға болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай көрме қатысушыларға бүгінгі күнде біздің өнерімізде болып жатқан үдерістер мен құбылыстардың, оның қазіргі замандағы жоғарғы миссиясын түсіндіруге бағытталған кең спектрімен танысуға мүмкіндік бермек.