Алматыда Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі екі елдің үкіметтік өкілдерінің отырысы өтеді

Бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың құлағдар еткеніндей, келіссөздерге қатысатын Қазақстан жағы өкілдерін мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі Қазақстанның үкіметтік делегациясының жетекшісі, СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі Вячеслав Гиззатов басқарады.

"Кездесу барысында екі ел арасындағы шекараның делимитациялық картасының альбомдары келісіліп бекітіліп, алдын-ала қол қойылады ",- деді СІМ өкілі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті