Алматыда қазіргі заманғы билердің 5-орталықазиялық фестивалі болады


Оны «Қазіргі заманғы хореография орталығы» қоғамдық қоры Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен Гёте институтымен серіктесіп ұйымдастырып отыр. Фестиваль кезінде өнер сүйер қауым жаңа 15 қойылымды тамашалайды деп жоспарлануда. Онда Гүлнар Адамованың «Самұрық» труппасы мен Вашингтонның Кристофер Морган жетекшілік ететін «City Dance» би компаниясының бірлескен қойылымы болмақ. Американдық хореограф және солист К. Морган «Құм сағаты» деп аталатын бұл қойылымды 2 апталық ынтымақтастық кезінде өзі ойлап тауып, оны Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырып отыр. Онда сондай-ақ, әпкелі-сіңлілі ғаббасовалардың «Gabbasov Sisters Company» деп аталатын би театр-студиясының тұсауы кесілмекші.