Алматыда қоғамдық көлік толықтай газға көшіріледі


Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті.
«Қазір біз 20 млрд теңгеге облигация шығаруды ойластырып жатырмыз. Үкімет те бізді қолдап отыр. Қаражат қоғамдық көліктің экологиялық таза түрлерін және туризм нысандарын дамытуға және салуға жұмсалады», - деді ол жұмадағы брифингте.
«Қоғамдық көлік туралы айтар болсақ, жеке меншік автопарктердің арзан облигациялық қаржы есебінен газбен жүретін автобустар сатып алуына мүмкіндік беру туралы жолаушы тасымалдаушылар қауымдастығы төрағасымен келісім жасалған. Жеке меншік автобустар да, муниципалдық көліктер де экологиялық жағынан таза отынмен жүруі керек», - деді А.Есімов.
Оның айтуынша, 2010 жылы шығарылған облигациялар «2015 жылы сөзсіз өтеледі».