Алматыда қойма өртенді

Сандуғаш Баймұхамбетованың хабарлауынша, өрт туралы хабарламаға таңғы 5:55-те түскен. Тілсіз жау 140 шаршы метр аумақты шарпыған. 

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 6:37-де өртті сөндіріп үлгерді.

Әзірге қоймада қандай зат сақталғаны әрі өрттің шығу себептері тексерілуде.