Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қаланың Жетісу ауданында 17 қазанда сағат 16-да "Фархад" ЖШС-інде күнділікті тұтыным тауарлары сақталатын қойма ғимаратында өрт шықты. Өрттің жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрады.
"Өртті ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 32 адамы мен 9 техникасының көмегімен 16 сағат 37 минутта сөндірді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті