Алматыда «Қолжетімді жұмыс» әлеуметтік жобасы іске қосылды

Алматыда «Қолжетімді жұмыс» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жетісу аудандық прокуратурасының бастамасымен құрылып отырған жоба бойынша жалданбалы жұмыс іздеушінің білімі немесе еңбек өтілі талап етілмейді. Сондай-ақ, жұмыс іздегендер таң сәріден кешке дейін аяғынан тік тұрып, жұмыс берушіні көшеде күтпейді. Тек хабарландыру жарияланатын арнайы сайтта өз түйіндемесін қалдырса болғаны.

- Тағы да мақсат – Алматы қаласы бойынша мүлікке қатысты қылмыстардың санын барынша азайту. Алматының Сейфуллин-Рысқұлов көшелерінде отыратын азаматтарды сол жерден үйлеріне бағыттау, дейді Жетісу аудандық прокуратурасының прокуроры Нариман Бекназаров.