Алматыда қонақүй кешені өртенді

Алматыда қонақүй кешені өртенді, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы"Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Өрт Түрксіб ауданында Бартольд пен Бекмаханов көшелерінің қиылысында болды. "Достар" қонақүйінен өрт шықты. Тілсіз жаудың себебі анықталып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шалған аумақ 600 шаршы метрге жеткен. Өрт қысқа тұйықталудан шыққан болуы мүмкін екен. Алғашқы мәліметтер бойынша, қонақүй бөлмелерінде от тұтанып, кейін ғимараттың шатырына көшкен. Екінші қабат пен шатыры өртенген ғимараттың қалған бөлігін өрт сөндіру қызметі аман алып қалды.


 
© "Территория происшествий"