Алматыда қонақүйде өрт шықты: қонақтар терезеден эвакуацияланды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қоңырау түнгі 23:00 шамасында түсту, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті. Қонақүй жертөлесіндегі сауна өртеніп кеткен. Ғимараттың барлық қабатын түтін басты.

"Адамдар қонақүйдің барлық терезесінен көмек сұрады. Өрт сөндірушілер шұғыл трде құтқару жұмыстарын бастады", - делінген хабарламада.

Адамдар үш өрт сөндіру кезінде қолданылатын және төрт созылмалы баспалдақтың көмегімен эвакуацияланды. 57 адам аман қалды.


Өрт 42 өрт сөндіруші және14 техниканың көмегімен сөндірілді.