Алматыда қоқыс жәшігінен адамның кесілген басы мен қолы табылды

Алматы қаласының Абылайхан көшесінің бойындағы көппәтерлі тұрғынүйлердің қоқыс жәшігінен ер адамның кесілген басы мен қолы табылды. Бұл туралы Zakon.kz-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

Оны қоқыс ақтарып жүрген ер адам тапқан. Оның айтуынша, спортық сөмке ішінде шүберекке оралған екі пакет болған. Оның бірінде 25-30 жас шамасындағы ер адамның басы, екіншісінде қолы болған.

Мұны көріп шошыған ер адам жолға қарай жүгіріп, жол полциясын кезіктіреді. Ол полицейлерге мән-жайды хабарлайды. Оқиға орнына тергеу тобы мен криминалистер келіп, аймақ қоршауға алынды. Ер адамның жеке тұлғасын сот-криминалдық сараптама тағайындайтын болады. Айта кетейік, оқиға орнына жақын жерде бала-бақша мен гимназия орналасқан.